Отбасындағы әйелдерге қатысты жасалынған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әлеуметтік зерттеудің нәтижесі (Алматы қаласындағы әйелдерге арналған Кризистік орталықтың мысалы негізінде)
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Алматы қаласындағы әйелдерге арналған Кризистік орталық, Кризистік орталық, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, сапалық әдіс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасында әйелдерге қатысты күш көрсетулерАңдатпа
БҰҰ қорының мәлімдеуінше, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан елімізде 400 әйел қаза болады екен. Осы себептеп ажырасу көрсеткіштері де артуда. Аталған әлеуметтік проблеманың туындауына мыңдаған себептер бар, ал ол мәселені қазіргі кезде зерттеп, болдырмау шараларын жасамасақ әлеуметтік салдары барлық қоғамдық институттарға ауыртпалығын тигізеді. Отбасында аналарын әкесінің ұрып, кемсітуін көріп өскен балаларда аталған оқиға есейген кезінде баланың есінде «тарихи
түп тамыр» болып қалады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақ мақалын біздің респонденттер сұхбаттары кезінде күйеулерінің балалық шағының ізінің олардың отбасына қалай әсер еткендігін оқиғаларымен дәлелдеген. Отбасында әкелерінің анасын ұрып, кемсітуін көрген балаларда «ананың ізгі бейнесі» өзгертеді. Тақырып бойынша зерттеу жұмысын Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 2019 жылдың желтоқсан айында далалық зерттеу жұмыстары жүргізген, зерттеу материалдарын талдау мен өңдеу жұмыстары 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін жүргізілген. Зерттеу жұмысының мақсаты: Алматы қаласындағы Кризистік орталықтың көмегіне жүгінген әйелдердің оқиғасы негізінде қазақстандық отбасыларда болып жатқан әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың болу себебін анықтау.






