Шағын жинақталған мектеп мұғаліміне оның кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндігі ретінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А.К. Акишева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

үздіксіз білім беру, педагог, шағын жинақталған мектеп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, мұғалімнің кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуы, табыс мотивациясы

Аңдатпа

Мақала білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ педагогтарының кәсіби шеберлігін дамытуға арналған. Шағын жинақты мектептердің проблемалары ашылуда. Эмпирикалық зерттеудің әдіснамалық негізін А. Леонтьевтің қызмет теориясы құрайды. Педагог тұлғасына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің бірқатар негізгі бағыттарын пайдалану арқылы қарастырылған: мониторинг және талдау, кеңес беру, оқыту семинарлары мен тренингтер, әдістемелік десант, біліктілікті арттыру
курстары, эксперимент, курсаралық қызмет, тәжірибе алмасу. Жұмыста модельді жүзеге асыру кезеңдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құрылымы берілген, нәтижелері көрсетілген. Мақалада ғылыми жоба шеңберіндегі эксперименттік алаңдардың жұмысы туралы айтылады, оның негізі үздіксіз білім беру жүйесіндегі шағын мектепте мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Акишева, А. . (2024). Шағын жинақталған мектеп мұғаліміне оның кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндігі ретінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 132(3), 25–34. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1809

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика