Шағын жинақталған мектеп мұғаліміне оның кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндігі ретінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
үздіксіз білім беру, педагог, шағын жинақталған мектеп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, мұғалімнің кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуы, табыс мотивациясыАңдатпа
Мақала білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ педагогтарының кәсіби шеберлігін дамытуға арналған. Шағын жинақты мектептердің проблемалары ашылуда. Эмпирикалық зерттеудің әдіснамалық негізін А. Леонтьевтің қызмет теориясы құрайды. Педагог тұлғасына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің бірқатар негізгі бағыттарын пайдалану арқылы қарастырылған: мониторинг және талдау, кеңес беру, оқыту семинарлары мен тренингтер, әдістемелік десант, біліктілікті арттыру
курстары, эксперимент, курсаралық қызмет, тәжірибе алмасу. Жұмыста модельді жүзеге асыру кезеңдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құрылымы берілген, нәтижелері көрсетілген. Мақалада ғылыми жоба шеңберіндегі эксперименттік алаңдардың жұмысы туралы айтылады, оның негізі үздіксіз білім беру жүйесіндегі шағын мектепте мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады.






