Оқушылардың танымдық қабілеттерін және дербестігін дамытуға ықпал етуде «мектеп қабырасынан» бастау алатын зерттеушілік қызмет
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
ЖОО, мектеп оқушылары, іс-тәжірибе, нанотехнологиялар, ғылыми материалдар, Интернет, ғылыми жұмыс, өз бетінше білім алуАңдатпа
Бұл мақалада мектеп пен жоғары оқу орындарының серіктестігі түрлерінің бірі ретінде ғылыми педагогикалық практика кезеңінде мектептегі оқытуға енгізілген әдістеме қарастырылады. Идея зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жаратылыстану тұрғысынан ойлауын қалыптастырып және мәдени, рухани құндылықтарын арттыруға болатындығына негізделеді. Атап айтқанда, авторлар әдістемені енгізу процесін дәйектеп, мәнін ашады, алынған нәтижелерге толықтай талдау жасай отырып, оқушыларды дамыту үрдісін анықтайды.
Зерттеулерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметтері бойынша мол тәжірибесі бар мамандар атқарған. Алматы қаласындағы «Престиж» мектебі» КеМ 9-10 сыныптарының оқушылары өз тәлімгерлерінің жетекшілік етуімен ғылыми-практикалық жобаларды жасап, оларды аймақтық және халықаралық деңгейдегі конференцияларда ұсына алды.
Оқушылар ұсынған жұмыстар жоғары деңгейде қорғалды, бұл жалпы жұмыс процесінің тиімділігін білдіреді.
Авторлар зерттеу оқушылардың ғылыми-жаратылыстану тұрғысынан ойлануын дамытудың, мәдени және рухани құндылықтарын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады деген қорытындыға келеді.
Мақала пәнаралық сипатта қарастырылған, тек мектеп білім беру мекемелерінде тәжірибеден өтетін әртүрлі факультеттердің мамандарына ғана емес, жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына да пайдалы болады.






