Кейс-технологиясын қолдану кезіндегі экологиялық құзыреттілік арқылы химиялық сауаттылықты қалыптастыру
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Кейс технологиясы, педагогикалық технологиялар, химиялық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, оқыту әдістеріАңдатпа
Жаратылыстану ғылымында химиялық сауаттылықты қалыптастыруда кейс-технологиясын студенттердің экологиялық құзыреттіліктері арқылы химия сабақтарында қолдану тиімді құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі білім беру талаптарының бірі – құзіреттілікті қалыптастыру және кейс-әдісі – бұл білім беру мақсатын іске асырудың тиімді әдісі. Бұл әдіс мәселеге және оны шешуге негізделген, осылайша бірнеше педагогикалық мәселелерді: «оқытуды», «білім беруді», «дамытуды» іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әр оқушыға танымдық қызығушылықтарын арттыруға, өз әлеуеттерін жүзеге асыруға және алған білімдерін нақты өмір жағдайында қалай қолдануға болатындығын үйренуге мүмкіндік береді.






