Қазақстан мен Түркияның білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдау («Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Басшылық және психологиялық кеңес беру» мысалында)
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
білім беру бағдарламасы, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әдістемелік және психологиялық кеңес беру, салыстырмалы талдауАңдатпа
Әлеуметтік-педагогикалық даярлық саласындағы білім беру бағдарламарының маңызы зор. Бұл зерттеудің мақсаты - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы мен Гази университетінің «Басшылық және психологиялық кеңес беру» мамандығының білім бағдарламаларын салыстырмалы талдау. Бұл мамандықтардың білім беру бағдарламаларының негізінде бітірушілердің біліктілік сипаттамалары, құзыреттілігі, сондай-ақ,
курс барысында оқытылатын міндетті және факультативтік пәндер талданды. Бұл зерттеу салыстырмалы болғандықтан, сапалы әдістер қолданылды. Ақпарат құжаттарды талдау әдісі арқылы жиналды. Талданатын материалдар екі білім беру бағдарламасына және басқа да қосымша ресурстарға негізделген.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандары және Түркияда кеңес беру және психологиялық кеңес беру мамандары тікелей адамдармен оқыту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін жүзеге асыруда. Олар білім беру мекемелерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында және оңалту орталықтарында жұмыс істейді. Екі мамандықтың да кәсіби қызметі әлеуметтік көмекті қолдауға бағытталған.






