Жоғары сынып оқушыларының шет тілін білуді жетілдіру құралы ретінде лексикалық минимумын қалыптастыру
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
лексикалық минимум, проект құру технологиясы, ойын технологиясы, белсенді лексикалық минимум, белсенді емес лексикалық минимум, лексикалық қабілеттерді қалыптастыру, жоғары сынып оқушыларыАңдатпа
Мақалада орта білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттардың жоғары
сынып оқушыларының сөйлеу лексикалық талаптарына сәйкес жоғары сынып оқушыларының шетел тілінің лексикалық минимумды жетілдіру мәселері баяндалған. Авторлар білімалушылардың жас пен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары сынып оқушыларының лексикалық материалын игеру процесінің негізгі кезеңдерін, әсіресе, жеткілікті деңгейінде дамыған когнитивтік қабілеттер мен метасананы қарастырады. Проект құру және педагогикалық ойын технологияларына талдау жасалды, олардың шыққан тарихы, қолданудағы негізгі кезеңдері мен шетел тілі сабағында қолданудың мысалдары келтірілген. Мақаланың негізі ретінде жаңа лексикалық бірліктерді және рефлексияны енгізгенде проект технологияның қолданылуы және ойын технологиясындағы әдіс-тәсілдерін шетел тілін оқытуда лексикалық дағдыларын және біліктілігін барлық үш кезеңде дамыту негізделген.






