Толықтырылған шынайылық технологиясын қолдану негізінде оқытудың дидактикалық моделі
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
толықтырылған шынайылық, оқытудың дидактикалық моделі, цифрлық оқыту, оқу үдерісіАңдатпа
Бұл жұмыста толықтырылған шынайылық технологиясын қолдануға негізделген оқытудың дидактикалық моделі ұсынылған. Білім беру саласында толықтырылған шынайылық технологиясын кеңінен пайдалануға байланысты және оны қолдану барысындағы әдістерін, құралдарын және оқытудың ұйымдастыру формаларын жүйелеу қажеттілігі анықталды. Оқытудың дидактикалық моделінде инвариантты және вариативті компоненттер ерекшеленген. Пәндік саласы мен оқыту мақсатына байланысты вариативті бөлімнің контент пен оқыту әдістерінің таңдалуына әсер тигізетіндігі қарастырылды және инвариантты блок толықтырылған шынайылық объектілерінің өзара әрекеттесу түрлеріне негізделген. Ғылыми зерттеулер және дидактикалық құралдарды қолдану мен әзірлеудің практикалық тәжірибесі негізінде толықтырылған шынайылықты қолдану арқылы толықтырылған шынайылық объектілерімен өзара әрекеттесу түрлері анықталды: демонстрация, жанама өзара әрекеттесу, тікелей өзара әрекеттесу. Оқытудың дидактикалық моделі цифрлық оқытуды ұйымдастыру үшін қолдануға ұсынылады.






