Цифрлық дидактиканың қалыптасуына білім берудің цифрлық трансформациясының әсері
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
цифрландыру, цифрлық технологиялар, дидактика, әдістемелік оқыту жүйесі, цифрлық ұрпақАңдатпа
Технологиялық прогресс, серпінді технологиялардың қарқынды дамуы цифрлық өндіріс пен цифрлық өмірге мықтап енеді. Осыған байланысты, қазіргі нарық түлектер деңгейіне жаңа талаптар қойылып, цифрлық технологияларды өндіріске енгізуде білікті мамандардың қажеттілігін туғызады. Қоғамның цифрлық трансформация жағдайында оқу үрдерісін қайта қарастыру және жаңа цифрлық ұрпақтың қажеттіліктеріне бейімдеу қажет. Мақалада қоғамды цифрландыру аясында цифрлық дидактиканың
қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылған. Цифрлық технологиялардың өмірдің барлық салаларындағы, цифрлық трансформациядағы рөлі атап өтілді. Цифрлық трансформацияның әдістемелік оқыту жүйесінің компоненттеріне әсері қарастырылады.






