«Бастауышта көптілді оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасының ерекшелігі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
көптілділік, модульдік білім беру бағдарламасы, көптілді білім, құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі екендігі көрсетіліп, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көптілді оқытумен» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасын жасау қажеттігі жазылған. Көптілді білім берудің зерттелу деңгейі сипатталды.
Көптілділікті оқыту мәселесін зерттеген шетелдік ғалымдар мен отандық ғалымдар аталды. «Көптілділік» ұғымына түрлі авторлар берген анықтамалар қарастырылды. Модульдік білім беру бағдарламасына ендіруге болатын модульдер мен көптілді білім беруді қамтамасыз ететін пәндер мен минор ұсынылды. Пәндерді меңгеру барысында білім алушыларда қалыптасып, дамитын құзыреттіліктер көрсетілді. Болашақ мамандарға көптілді білім беруде» Көптілділік жағдайында бастауыш мектеп пәндерін оқыту теориясы мен әдістемесі» курсының мүмкіндігі сипатталды. Модульдік білім беру бағдарламасында енгізілген пәндерді көптілді білім беру барысында қолдануға болатын оқытудың таңдаулы әдістері ұсынылды.






