Қазақстанның жаратылыстану-математикалық білім саласының дамуы туралы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ш.М. Шуиншина Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Е.А. Альпеисов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Е.А. Туяков Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • М.С. Дюсов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жаратылыстану-математикалық білім, жалпы орта білім беру, жоғары білім беру, үлгілік оқу жоспары, білім беру бағдарламасы

Аңдатпа

Қазіргі таңда орта білім беру саласында ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білім беру мазмұнын жаңарту процесі 2016-2017 оқу жылынан бастап толық қанды жүргізілуде. Жаңартылған білім беру стандарттарында
білімге бағытталудан оқытудың іс-әрекеттік тәсіліне көшу мақсатында пәндік нәтижелермен бірге жүйелік іс-әрекеттер мен тұлғалық нәтижелер көрсетілді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру мақсатында оның мазмұндық және құрылымдық сипаттамалары терең өзгертілді.
Мақалада Қазақстанның жаратылыстану-математикалық білім беру жүйесінің дамуына қысқаша шолу жасалған. Білім беру саласының әртүрлі деңгейлерінің арасындағы мазмұнының сабақтастығын дамыту жолдары қарастырылған. Жаратылыстану-математика бағытында мұғалімдерді даярлаудың білім беру стандарттарының даму жолдарына тоқталған.
Қазіргі уақыттағы қоғам мен білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер талданып отырған мәселеге жаңа тәсілмен келуді көздейді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шуиншина, Ш. ., Альпеисов, Е. ., Туяков, Е., & Дюсов, М. . (2024). Қазақстанның жаратылыстану-математикалық білім саласының дамуы туралы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 139–147. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1869

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика