«Үш аймақ» көтерілісіндегі партизандық қозғалыстың көшбасшысы - Тәкіман батыр (биографиялық зерттеудегі нарративті сұхбат әдісі)


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н.О. Байғабылов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Шығыс Түркістан, көші-қон, қазақ диаспорасы, Тәкіман батыр, азаттық қозғалыс, нарративті сұхбат

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 1-ші жартысында Шығыс Түркістан аймағын мекендеген қазақ халқына Қытай империясы тарапынан жүргізілген отаршылдық саясатты, халықтың көшу себеп-салдары талданады. Автор Қытайдың батыс шекарасындағы Іле, Алтай және Тарбағатай аймақтарының ұлт-азаттық қозғалысы «Үш аймақ» көтерілісінің жетінші атты полкі роліне тоқталады.
Ғылыми мақалада «Үш аймақ» көтерілісіндегі партизандық қозғалыстың жетекшісі болған Тәкіман батырдың жетінші полкті құрудағы ролі, Гоминьдан үкіметіне келіссөз барысындағы саяси ролі деректер негізінде қарастырады. Отаршылдар әскерімен шайқасып жергілікті халықты таңқалдырған Мұзды асуды асқан қазақтың қаралы көшінің жетекшісі, ұлт болашағы үшін қанды қырғында басын тіккен Тәкіман батырдың өмірбаяндық тарихы батырдың әмбебаптық қырлары сипатталады. Қазақ диаспорасының тарихындағы бұл
тарихи кезең ақтаңдақ тұстарын ашу мақсатында әлеуметтану ғылымындағы биографиялық зерттеудегі нарративті сұқбат әдісі, хронологиялық, салыстырмалы-тарихи (компаративті) әдістермен ұштастырылып қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байғабылов, Н. . (2024). «Үш аймақ» көтерілісіндегі партизандық қозғалыстың көшбасшысы - Тәкіман батыр (биографиялық зерттеудегі нарративті сұхбат әдісі). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 145–151. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1894

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану