Әлеуметтану ғылымындағы жаһандану ұғымы және оның әлеуметтік – мәдени өлшемі
Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Глобализация, гегемония, мәдениет, жаһандық мәдениет, ұлттық мәдениет, мәдени империализмАңдатпа
Мақалада жаһандану үрдісінің теориялық тәсілдерінің зерттелуі қарастырылған. Жаһанданудың Валлерстайн, Робертсон, Гидденс, Аппадураи секілді негізін салушылардың әзірлеген жаһанданудың әртүрлі модельдері көрсетілген. Мәдениеттің жаһандануы (мәдени жаһандану) туралы негізгі тұжырымдарды талдау барысында жаһанданудың позитивті және негативті үрдістерін талқылауға әрекет жасалды. Авторлар мәдениет жаһандануының қазіргі теориясы айқын түрде идеологиялық сипатқа ие екендігі туралы қорытындыға келеді. Егер глобалистер жаһанданудағы мәдениетті сөзсіз болатын үрдіс және адамзат даму тарихының жалғыз позитивті жолы деп білсе, скептикалық тұрғыдағы авторлар жаһандану мәдениеті болмайтынын көрсетеді, оның себебі, лаколизация феноменінің (глокализацияның) пайда болуында, яғни батыстық жаһандық модернизациядан бас тартуына байланысты.






