Қазіргі заманғы көші-қон үлгілері: шетелдік және отандық тәжірибе
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
көші-қон, эмигранттар, иммигранттар, заңды көші-қон, заңсыз көші-қон, жұмыс визасы, квотаАңдатпа
Мақалада дамыған елдердің көбінесе мигранттардың виза алу талаптарын қатайтуға бағытталған көші-қон саясаты реформаларына талдау жасалынған.Алайда, ол реформаларда Қазақстанға бейімдеуге болатын, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асыруында пайдалы болар арнайы құралдар бар екені анықталды.Мәселен, АҚШ-та, Канада мен Жаңа Зеландияда әлеуетті иммигранттардың бағалауы бойынша баллдық жүйе енгізілді, оның көмегімен жұмыс визаларын алу үшін әлеуетті үміткерлердің біліктілік деңгейін анықтауға болады. Мұндай модель сұраныстағы мамандықтарға ие иммигранттарды тартуға және біліктілігі, әрі жағдайы төмен иммигранттардың елге кіруін шектеуге мүмкіндік береді. Швецияда шетел азаматтарын жергілікті мәдениет пен қоғамға икемді интеграциялау мақсатында иммигранттар үшін тең құқықтар заң деңгейінде бекітілген және олардың жергілікті ортаға бейімделуінде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады.






