Жоғары мектепте тіл мамандықтары мұғалімдерін оқу-тәрбие үдерісінде өзара іс-әрекет етуге психологиялық-педагогикалық даярлау
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
ұлттық куәлік, үштілділік, интеграция, экстралингвистика, конфигурация, болашақ мұғалімдерді даярлау, педагогикалық жүйеАңдатпа
Мақалада қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі үш тілде білім берудің негізгі
мәселелері мен жоғарғы мектепте тіл мамандықтары мұғалімдерін оқу – тәрбие үдерісіндегі өзара іс-әрекет етудегі психологиялық педагогикалық дауярлаудағы мүмкіндіктері мен алға қойылған мақсаттары қарастырылады. Тіл мамандықтарының бір-бірімен байланыс табуы, яғни, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мен олардың өзара пән аралық селбестіктерінің қаншалықты көрініс табатындықтары жайлы баяндалады. Тіл ғылымы соның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдері де педагогика және психология салаларымен тығыз байланысты. Ал бұлардың сөйлеу және түсінісу процесіне тікелей тілдік қатынасы бар екені баршаға аян. Яғни, тіл - ойды тікелей адамдармен
қарым-қатынасқа түсудің құралы ғана емес, сонымен қатар сезімді де білдірудің құралы. Ал педагогика саласы сол тіл пәндердің қалай оқытылуы, білім берілуі мен оның заңдылықтары мен селбестілігін, сол пәндерді оқыта отырып тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.






