Педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау мәселелері


Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

  • С.А. Жолдасбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • П.Ж. Парманкулова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, ДМШ тұлғалар, ерекше білімдік қажеттіліктері бар тұлғалар, оқу модулі, білім беру социумы

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі негізгі және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген, практикаға бағытталған, жоғары біліктілікті және құзыретті мамандарды инклюзивті білім беруге даярлау мәселелеріне байланысты.
Құзыретті мамандарды инклюзивті білім беруге даярлау білім беру жүйесін жаңғырту және инклюзивті білім беруді енгізу жағдайында мүмкін болады. Осы тұрғыда оқу модульдерінің болашағы зор.
Сондықтан осы мақаланың мақсаты білім беру бағытындағы бакалавриат мамандықтарының оқу жұмыс жоспарларының мазмұнына «Инклюзивті білім беру» оқу модулін енгізуге талдау жасау арқылы инклюзияны
зерделеу жағдайын бағалау, педагогтарды инклюзивті білім беруге даярлау  мәселелерін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жалпылау болып табылады.
«Инклюзивті білім беру» оқу модулі инклюзивтік білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ педагогтарға қажетті инклюзия саласындағы арнайы негізгі және кәсіби құзыреттіліктерді қарастырады.
Бакалавриат мамандықтарының оқу жұмыс жоспарлары зерделенді және оқу модулін меңгеру бойынша алдын ала қорытынды жасалды. Зерттеу нәтижесінде «Инклюзивті білім беру» оқу модулін оқу жоспарларына
енгізу дәрежесі талданды. Мақаладағы материалдар педагог кадрларды даярлайтын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, педагогтарға қажет болады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жолдасбекова, С. ., & Парманкулова, П. . (2024). Педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 128(3), 49–54. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1903

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика