Білім берудің қазіргі технологиялары: дәстүрлі әдіс пен жаңаша көзқарас (ЖОО-да М.Әуезовтің әңгімелерін оқыту негізінде)
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
технология, оқыту, әдістеме, әңгіме, талдау, прозалық шығарма, автоцензураАңдатпа
Мақалада қазіргі жоғары оқу орындарында білім беру ісінде кеңінен қолданылып келе жатқан оқыту технологияларының дәстүрлі әдістемелері заманға сай жаңаша көзқараста жанжақты талданып қарастырылады. Қазіргі педагогика ғылымының әдістеме саласының тарихы туралы тың тұжырымдар жасалынып, Алаш қайраткерлерінің әдістемелік мұралары қазіргі технологиялық талаптарға сәйкестендіріле отырып сараланады.
Сонымен қатар, ұлы жазушы М.Әуезовтің көркем әңгімелерін жоғары оқу орындарында оқытудың мәні мен маңыздылығы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен ғылыми негізде жүйеленіп талданады. Ол үшін әдебиет
тарихында бүгінгі күнге дейін қалыптасқан прозалық шығармаларды талдаудың дәстүрлі әдістері зерттеу нысанына алынып жаңаша көзқарастар тұрғысынан зерделенеді. М.Әуезовтің көркем әңгімелер жазуда қолданылған автоцензуралық тәсілі туралы да тың ойлар айтылып, әрбір әңгімесі фабулалық түрде талданады. Нәтижесінде жоғары оқу орындарында М.Әуезовтің әңгімелерін талдап-оқытудың әдістері ұсынылып, заманға сай интерпретацияланады. Ұлы жазушының шығармаларын жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды қолдана отырып оқытуды оның
көркем әңгімелерінен бастаудың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы да тың тұжырымдар жасалынады.






