Жоғары көркемдік білім берудегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контексі аясындағы ұлттық сана мен мәдени құндылықтар
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
музыкалық өнер, көркем мәдениет, мәдени құндылықтар, ұлттық сана, өнер синтезіАңдатпа
Біздің зерттеуіміз қазіргі уақыттағы рухани және мәдени құндылықтардың қайта жаңғыруы аясында жоғары көркем білім берудің негізгі басымдықтарына арналған. Өскелең ұрпақтың мәдени әлеуетін арттырудағы қоғамның қажеттіліктері мен ЖОО-да тәрбиелеу мен оқытудың бүгінгі жай-күйі; ұлттық музыкалық өнердің көркемдік-эстетикалық әлеуетінің бай болуы мен оның болашақ көркем білім беру мамандарын даярлау жүйесінде болмашы сұранысқа ие болуы арасындағы объективті қалыптасқан қарама-қайшылық байқалады.
Өнер қазақ халқының музыкалық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады, ұлттың рухани болмысына әсер етеді және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Сондықтанда, мақалада өткеннің озық педагогикалық тәжірибесі ретінде әртүрлі өнер құралдары арқылы оқушыларды көркем-эстетикалық тәрбиелеу тұжырымдамасы келтіріледі.
Музыкалық-көркем білім беру мазмұнының өзгеруі болашақ шығармашылық пәндер мамандарын даярлаудың анықтаушы факторы болады, ал қойылып жатқан жаңа талаптар идеяларды қалыптастырудың негізгі векторы деп есептейміз. ХХІ ғасырдағы жастарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудің басым мақсаттарын анықтаудағы өзекті мәселелердің бірі оның рухани
құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты ұлттық сана мен мәдени құндылықтар білім беру кеңістігінің мәдени тетігі ретінде қарастырылады. Мақалада ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды басымдықтары ретінде
айқындалады.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында арнайы әдебиеттерді теориялық талдау және педагогикалық бақылау әдістері қолданылды. Ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуін қарастыруда жоғары көркемдік білім беру тұжырымдамасын әзірлеу негізінде болашақ
педагогтарды кәсіби даярлау үдерісінде жүзеге асырылса, бұл үдеріс автор көзқарасымен оң болатыны көрсетілді.






