Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудағы шешендік сөздердің маңызы
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, қазақ ауыз әдебиеті, оқушы тұлғасы, білімАңдатпа
Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Шешендік өнер мол білімді, ой-өрістің кеңдігін, ұзақ жаттығуды қажет етеді.
Қазіргі таңда оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту, сондайақ, оқушылардың өз ойларын дұрыс, сауатты жеткізу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі
жиі айтылып жүр. Бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі маман иелерінің ауызша сөйлеу мәдениетін дамытудың маңызы зор. Осы орайда білім берудің түпкі нәтижесін құзыреттілік тұрғысынан айқындау, оқытуды құзыреттілік тұрғысынан ұйымдастыру қолға алынуда. Қазақ ауыз әдебиетінің
мол қазынасы – шешендік сөздер.
Шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан өткен құнды мұра. Ол терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Мақалада қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіруде шешендік сөз үлгілерінің қолданудың маңызы туралы айтылады.






