Жалпы білім беретін мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы ықтималдық теориясы мен статистика курсы мазмұнының сабақтастығы туралы


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • М.К. Шуaкaeв Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Ж.Б. Қaйыңбaeвa Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

сабақтастық, статистика, комбинаторика, ықтималдық теориясы, мектеп, жоғарғы оқу орны

Аңдатпа

Мақалада жоғарғы оқу орны мен мектептегі ықтималдық теориясы мен
статистиканы оқытудың сабақтастығы мәселесіне назар аударылады. Мектеп пен жоғарғы оқу орнында оқытылатын ықтималдық теориясы мен статистиканың тақырыптары зерттеліп, ерекшеліктері айқындалды. Мектеп курсындағы осы бөлімдердің мазмұнына салыстырмалы талдау, тақырып бойынша схемалар жасалды.
Заманауи білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында сабақтастық қағидатын іске асырудың ерекшеліктері қарастырылады және жеке тұлғаның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауы мәселелерін шешудің маңыздылығы көрсетіледі. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнында оқу кезінде
студенттердің білім жетіспеуіне байланысты бұл мәселенің өзектілігі талқыланады. Бұл кезеңде сабақтастықтың болмауының негізгі себептері көрсетіледі. Ең маңызды себептердің бірі ретінде мектеп түлектерінің әртүрлі білім деңгейі қарастырылады. Мектеп-жоғарғы оқу орны жүйесінде білім қалыптастырудың негізгі шарттары сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шуaкaeв М., & Қaйыңбaeвa Ж. (2024). Жалпы білім беретін мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы ықтималдық теориясы мен статистика курсы мазмұнының сабақтастығы туралы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 126(1), 77–86. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1946

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика