ЖАOК-тың мүмкіндіктері мен қиындықтары: қазақстандық жоғарғы тілдік білім берудегі перспектива


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.Б. Данабекова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Е. Ташкын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Д.Б. Мукатова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

педагогикалық модель, ашық және қашықтықтан оқыту, жаппай ашық онлайн курстар (ЖАOК)

Аңдатпа

Мақалада оқыту мен оқудағы жаппай ашық онлайн курс (ЖАOК) мүмкіндіктері оқытушылық және технологиялық тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы сияқты жаңа әлемдік төтенше жағдаймен бірге болатын қиындықтарға назар аударылады. ЖАOК білім алушыларды ашық және қатысымдық білім беру ресурстарына бағыттайтын, сонымен бірге өмір бойы желілік оқыту идеясын қолдайтын балама қуатты оқыту алаңы ретінде енгізілді. Мақаланың мақсаты ЖАOК сипаттамаларын халықаралық платформалармен салыстыра отырып қайта қарау болып табылады. Сонымен қатар, жоғары білімнің болашағы тұрғысынан біз ЖАOК-тың Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне әкелетін мүмкіндіктері мен мәселелерін талқылаймыз. Зерттеулер ЖАOК-тың білім берудің альтернативті түрі ретінде өмір бойы білім беруді дамытуға, оқу процесіндегі кедергілерді жоюға
және білім берудегі теңдік мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Ұсынылатын отандық курстардың көпшілігі лекторлық сипатта: дәріс/модуль аясында студенттермен өзара әрекеттесу және кері байланыс мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, зерттеу ЖАOК курсына сәтті қатысу және оны аяқтаудың шешуші факторы болып табылатын оқытушылар мен студенттердің цифрлық сауаттылығын дамыту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу қажеттігін және ЖАOК әзірлеушілерінен ашық жоғары білім беру нарығында студенттердің жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі білім беру мекемелерінен тыс басқа да бастамаларды зерттеу қажеттігін анықтады.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Данабекова A. ., Ташкын E. ., & Мукатова D. . (2023). ЖАOК-тың мүмкіндіктері мен қиындықтары: қазақстандық жоғарғы тілдік білім берудегі перспектива. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 174–185. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1570

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика