Танымдық және метатанымдық оқытудың оқу үлгеріміне әсері
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
танымдық, метатанымдық стратегиялар, оқыту стратегиясы, жеке және бірнеше стратегиялар, оқуды түсіну процесі, стратегияларды оқыту моделіАңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – PISA-2018 нәтижелері бойынша қазақстандық оқушылардың функционалдық құзіреттілігі мен сауаттылығының төмен деңгейімен байланысты өзекті мәселенің шешімін іздеуде оқушылардың оқу үлгеріміне, стратегиялық ойлауына және өзін-өзі басқаруына оқытудың танымдық және метатанымдық стратегияларын қолданудың қаншалықты тиімді екендігін зерттеу. Бұл мәселені шешу үшін мақалада зерттеушілер ұсынған жоғары деңгейлі танымдық және метатанымдық стратегиялардың кең топтамалары, оқушылар қолданатын әртүрлі ауқымды стратегиялардың
түрлері, таным мен метатанымның заманауи үлгілері, сонымен қатар когнитивті және метакогнитивті стратегиялардың оқу үдерісіне негізделген зерттеу нәтижелері қарастырылған. Мұғалімдер оқушылардың проблемалық тапсырмаларды түсініп, сәтті аяқтап, қойылған мақсатқа жетуі үшін, оқушылардың танымдық және метатанымдық стратегияларын сәтті игеруін көздеп егжей-тегжейлі және жүйелі тренингтер жүргізуі керек. Метакогнитивті стратегиялар таңдалған когнитивті стратегияларды бақылау үшін, тапсырмаларды орындау барысында бүкіл танымдық оқу процесін реттеуде және алынған білімді жаңа оқу мен өмірлік жағдайларға ауыстыруда өте маңызды. Сонымен қатар, мақалада мұғалімдердің стратегияларды оқыту барысында туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары көтерілген. Осы мәселелердің негізгі шешімі ретінде когнитивті, метакогнитивті және әлеуметтік-аффективті стратегиялардың оқу процесіне интеграциясы бойынша қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқындалған, өйткені оқушылардың академиялық білімдерін де, функционалды құзіреттілігін де жақсарту үшін әлеуметтік өзара әрекеттестік, ынтымақтастық, ынталандыру мен өзін-өзі реттеудің маңыздылығы аса зор.






