Студенттердің «Химия» пәнін ағылшын тілінде оқуға кәсіби ынталандырудың негізгі ерекшеліктері


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • И.М. Бабич Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Ж.К. Шоманова Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Р.Ж. Муканова Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

әдістеме, кәсіби уәждеме, химия, ағылшын тілі, валидтілік, сенімділік

Аңдатпа

«Мақалада әлеуметтік және педагогикалық ғылымдарда, Microsoft Exel-де қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған IBM SPSS Statistics 23(«Statistical Package for the Social Sciences») статистикалық ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылған студенттерді «Химия»
пәнін ағылшын тілінде меңгеруге бағыттайтын әдістеменің нәтижесі және кәсіби уәждеме әдістерінің апробациялары ұсынылған. Студенттердің уәждеме құрылымында үстем уәждеме факторлары анықталуда. Химияны ағылшын тілінде оқытудың уәждемелік факторларының ерекшеліктері негізделуде. Әзірленетін құралдың сыртқы (face validity), мазмұндық (content validity), эмпирикалық (empirical validity), дискриминанттық валидтік (discriminant validity) және сенімділік көрсеткіштері талдануда. Деректердің қалыпты таралуының және дисперсияның біртектілігінің негіздемесі келтірілуде. Студенттердің химияны ағылшын тілінде меңгеуге байланысты кәсіби уәждемесі мен таңдаған мамандығы бойынша оқуға жалпы кәсіби уәждемесі (А. А. Реанның модификациялаған К. Замфир әдістемесі) және табысқа жету уәждемелерінің (Т. Элерса әдістемесі) арасында оң корреляциялық байланыстар орнатылды. Әртүрлі курс студенттерінің химияны ағылшын тілінде меңгеруге деген кәсіби уәждемесінің деңгейі анықталады. Әдістемені тексеру және апробациялау нәтижелері оны зерттеу мақсатында қолдану мүмкіндіктерін
көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бабич, И. ., Шоманова, Ж. ., & Муканова, Р. . (2024). Студенттердің «Химия» пәнін ағылшын тілінде оқуға кәсіби ынталандырудың негізгі ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 132(3), 43–54. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1811

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика