Бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсында кинетика тарауын оқытуда виртуалды зертхананы пайдалану


Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 140

Авторлар

  • Д.М. Игенбердинова Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
  • Д.А. Биримжанова

Кілт сөздер:

виртуалды зертхана, виртуалды орта, химиялық реакцияның жылдамдығы, интерфейс, эксперимент, компьютерлік бағдарламалар, екі өлшемді компьютерлік кескін.

Аңдатпа

Бұл мақалада виртуалды зертхананың студенттердің оқу үлгеріміне, іс-тәжірибелік дағдыларының артуына әсерін талдау, сонымен қатар виртуалды зертхананы қолдану әдістемесі сипатталады. Виртуалды зертхана студенттерге тәжірибені жақсартуға көмектесетін интеграцияланған виртуалды ортаны ұсынып оларды шынайы зертханаға дайындайды. Виртуалды ортаның көмегімен студент нақты зертханалық ортаны және онымен байланысты процестерді бағдарлайды, елестетеді және модельдейді. Осы мақалада виртуалды зертхананың мүмкіндіктері сонымен қатар дәстүрлі зертханамен салыстырғандағы артықшылықтары сипатталады. Виртуалды зертхананы бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсында химиялық реакция жылдамдығы тарауында қолдану қарастырылып, алынған нәтижелер талданатын болады. Шет елдерде қолданылып жатқан виртуалды зертханалық интерфейсті қолдану арқылы студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларына әсерін сынадық. Бағалау нәтижелері бойынша студенттердің қанағаттануына оң әсерін тигізді. Сәйкесінше виртуалды ортаның нақты зертханаға кірер алдында қолдануға болатын алдын-ала жаттығу құралы деп есептеуге болады. Сонымен қатар виртуалды зертхана, шынайы зертханамен бірігіп қолданған сәтте тиімділігі жоғарылайтындығын байқатады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Игенбердинова, Д., & Биримжанова, Д. (2023). Бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсында кинетика тарауын оқытуда виртуалды зертхананы пайдалану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 100–108. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/100

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика