Медиа контент арқылы жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыру
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 396
Кілт сөздер:
медиа, әлеуметтік медиа, медиа контент, әлеуметтік құбылыс, жасөспірімдердің дүниетанымы, ақпараттық сауаттылық.Аңдатпа
Мақалада медиа контент арқылы жасөспірімдердің дүниетанымын
қалыптастырудың жолдары талданған. Осы салада зерттеген ғалымдардың
теориялық еңбектері негізге алынған.
Заманауи қоғамдағы медиа контент ұғымының мәні, мазмұны, қағидалары негізге
алынады. Медианың классификациясы сараланып, жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға
жеңіл бейімделуін сөз еткен. Медиа сауаттылыққа тән құзыреттер қарастырылып,
оларға түсініктеме берілген. Индустриалды технократтық қоғамда өмір сүруі үшін
адамдарға қажет дағдыларға тоқталған. Медиабілім мен медиа мәдениетті қоғамды
жаңғырту факторлары екені нақтыланады. Жасөспірімдердің дүниетанымын
қалыптастыруда оң бағыт беретін әлеуметтік медиа контенттердің саны мен
сапасын молайтып, жасөспірімдердің медиа сауатты болуын қамтамасыз ету
педагогтардың дұрыс бағыт беруінде екені нақты айтылады.
Авторлар тақырыпты зерттеу барысында әлеуметтік медиа, жаңа медиа ұғымдарын
нақтылаған. Жасөспірімдердің әлеуметтенуіне әсер ететін медиа контенттің
ерекшеліктері зерделенеді жаңа медиаға талдау жасалады. Басты ұғымдардың
мағынасын ашып көрсете отырып, ақпараттың басты көзі болып тұрған ғаламдық
желі мүмкіндіктерін тиімді , сауатты қолдануды ұсынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.