Бірнеше нұсқалы жауаптары бар тестілер: академиялық ағылшын тілін үйренуші студенттер үшін жаңартылған Блум таксономиясы негізінде туындайтын мәселелер мен шешімдер


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • Ж.К. Тлешова Astana IT University
  • Ж.А. Тусельбаева Astana IT University
  • А.А. Ищанова Astana IT University
  • А.И. Уразбекова Astana IT University
  • М.С. Женисбаева Astana IT University

Кілт сөздер:

жоғары білім, бірнеше нұсқаулардан жауапты таңдау тестілері, Блум таксономиясы, онлайн білім, TEFL

Аңдатпа

Бірнеше нұсқалардың ішінен жауапты таңдау тестілеуі оқытушылар арасында қиындық тудыруда. Блум таксономиясы бойынша тест жасау көп күш жұмсауды қажет ететінін атап өтуге болады. Сәйкесінше, ағылшын тілі мұғалімдері тестілердің тиімділігін арттыруда түрлі кедергілерге тап болуда. Astana IT University-дің ағылшын тілі мұғалімдері арасында кездесетін негізгі мәселелер негізінен студенттердің жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері мен төменгі деңгейдегі ойлау қабілеттерін ескере отырып, сұрақтарды құрастырумен байланысты. Сондықтан бұл зерттеу жұмысы бірнеше нұсқалардан жауапты таңдау тестін орындау және жақсарту бойынша ұсыныстар тұрғысынан Astana IT University-дің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибесін зерттеуге бағытталған. Осыған сәйкес зерттеу жұмысында мынадай мәселелер қозғалады:
1) Astana IT University-дің ағылшын тілі мұғалімдерінің Блумның қайта қаралған таксономиясын ескере отырып, бірнеше нұсқалардан жауапты таңдау тестілерін құрастыруда тәжірибесі қандай?
2) Блумның қайта қаралған таксономиясын ескере отырып, қорытынды тестілерді жақсарту бойынша Astana IT University-дің ағылшын тілі мұғалімдерінің ұсыныстары қандай?
Осы зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін деректер сапалық және сандық әдістерді қолдана отырып жиналады. Қандай сұрақтар жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері мен төменгі деңгейдегі ойлау қабілеттері санатына жататындығын анықтау үшін сұрақтарға талдау жүргізіледі; өмірбаяндық талдау арқылы бес ағылшын тілі пәні мұғалімінің тәжірибесіне тоқталады. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше нұсқалардан жауапты таңдау тестілерін құрастыру кезіндегі қиындықтарды шешуде бұл зерттеудің нәтижелері Astana IT University-дің ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін пайдалы болады.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тлешова Z. ., Тусельбаева Z. ., Ищанова A. ., Уразбекова A. ., & Женисбаева M. . (2023). Бірнеше нұсқалы жауаптары бар тестілер: академиялық ағылшын тілін үйренуші студенттер үшін жаңартылған Блум таксономиясы негізінде туындайтын мәселелер мен шешімдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 387–396. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1503

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика