Балалар суретіндегі қорқыныштың көрінісі


Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

  • А.А. Исаханова Astana IT University
  • А.И. Омарбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

арт-терапия; сурет; қорқыныш; бастауыш мектеп жасы; шығармашылық

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі арт-терапиялық мәліметтердің әлемнің жаңа технологиялық тұрғыдан анықталған тенденцияларына сәйкес келмейтінгімен, кіші мектеп жасындағы балалардың қорқынышын айқындайтын суреттер туралы ақпараттың жетіспеушілігмен, заманауи психологиялық әдебиеттердегі қорқыныш бейнесі рөлінің толық ашылмағанымен анықталады.
Ұсынылған зерттеу кіші жас мектеп оқушыларындағы қорқыныш бейнесінің көрінісін жұмыстың арт-терапиялық әдісі, әңгіме және балалар суреттерін талдау арқылы көрсетеді. Қазіргі әлеуметтік әлемнің тенденцияларына байланысты қорқыныш пен оның көздерінің жаңа бейнелерін ашады. Өзгеріп жатқан әлемді қазіргі заманғы түсіндіруде қорқынышты зерттеу оның мәнін, қауіп-қатерлерін, мектеп оқушыларының жеке әлеуетінің көрінісі мен даму ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды. Қорқыныш-баланың дамуының көрсеткіші ретінде ол даму деңгейін, әлемді қабылдаудың даралығын және бейімделу ерекшелігін көрсете алады. Баланың қорқынышы мәселесінде ата-ана мен баланың қарым-қатынасын, олардың оның дамуына қатынасын және әлеуметтік, тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынастағы баланың әлеуметтік-мәдени ортадағы бағыты мен бейімделуіне әсер ететін ұстанымын ашатын отбасылық әл-ауқат көрінеді.
Зерттеуге Нұр – Сұлтан қаласының мектеп – гимназиясының кіші мектеп жасындағы 50 оқушысы қатысты. Зерттеу барысында қорқыныштың үш негізгі көзі анықталды, интернет кеңістігінің кіші мектеп жасындағы балаларға сыртқы әсерін көрсететін балалар суретіндегі қорқыныштың жаңа бейнесі ашылды. Алынған нәтижелер бойынша кіші мектеп жасы невротикалық қорқыныш пайда болатын ең қиын жас кезеңдерінің бірі болып табылады, бұл кейіннен балалардың эмоционалды жағдайын нашарлатады, сол себептен осы жас аралығы балалар дамуының мағызды аралығы болып, қосымша зерттеуді талап етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исаханова, А., & Омарбекова, А. . (2023). Балалар суретіндегі қорқыныштың көрінісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 435–442. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1508

Журналдың саны

Бөлім

Психология