Ұлттық мәдениет және ұлттық бірігейлік мәселелері (форсайттық зерттеу нәтижелері бойынша)
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
жаһандану, бірегейлік, ұлттық мəдениет, салт-дəстүр, форсайттық зерттеуАңдатпа
Қазіргі құбылмалы жаһандану əлемінде халықтың рухани өзегін құрайтын,
адамдардың болашағына сенімділік беретін ұлттық бірегейліктің ең маңызды генетикалық өзегі – ұлттық мəдениет. Ұлттық мəдениет – халықтың ұлттық қауіпсіздігінің маңызды объектілерінің бірі. Жаһандану жағдайында жалпы адамзаттық этика, жаһандық сана қалыптасып ұлттық бірегейлікке түбегейлі өзгерістер əкелуде. Жаһандану жағдайында ұлттық мəдениетте орын алып жатқан өзгерістерге А.Аппадураи, Э.Гидденс, П. Штомпка, У.Бек сынды т.б., зерттеушілер мəн берген. Бірегейлік – сəйкестендірудің (идентификация) динамикалық процесі арқылы жүзеге асатын əлеуметтік процестің нəтижесі. Адамның өз менің заңды түрде анықтау негізгі қажеттілік, себебі, белгілі бір мəдениетпен өзіндік сəйкестендіру адамның менталитетін, оның өмірлік құндылықтарын анықтайды. Мақалада ұлттың негізгі діңгегі саналатын тіл, дін, діл, тарих ұғымдары теориялық əрі форсайт зерттеу əдістерінің негізінде қарастырылған.






