Математиканы оқытуда оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау моделі


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • И.Б. Шмигирилова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • А.С. Рванова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • А.А. Таджигитов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

мектептегі білім, білім беруді бағалау, критерийлер негізінде бағалау, жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау, математиканы оқыту

Аңдатпа

Қазақстандық оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу педагогтарға оқу процесін жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Алайда, критериалды бағалау жүйесінің артықшылықтарына қарамастан, білім беру практикасына бағалау реформаларын ойланбай және формальды енгізудің көптеген тәуекелдері бар, мұны білім беруді бағалауды зерттеудің халықаралық тәжірибесі дәлелдейді. Мақалада ұсынылған мектеп педагогтеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан мектептерінде критериалды бағалауды пайдаланумен байланысты проблемалар мен тәуекелдердің көрінісін растады және іске асырылуы тиімді бағалау қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін нақты мектеп пәнінің (біздің жағдайда математика) ерекшеліктерін ескере отырып, суммативті
және формативті бағалардың артықшылықтарын орынды үйлестіретін оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың оңтайлы моделін іздеу қажеттілігін өзектендірді. Көрсетілген талаптарға жауап беретін математиканы оқытуда оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау моделін әзірлеу және теориялық негіздеу осы зерттеудің мақсатын құрайды. Мақалада ұсынылған авторлық модельде тиімді бағалау қағидаттарынан басқа тұжырымдамалық ережелер жүзеге асырылады, олар: қалыптастырушы бағалауды
оқу процесінің орталық бөлігі ретінде анықтайды; жиынтық және қалыптастырушы бағалау тәжірибелерін білім беруді бағалаудың тиімділігін арттыру факторы ретінде біріктірудің маңыздылығын көрсетеді; тапсырмаларды әзірлеу мен бағалауда деңгейлік тәсілді қолдану тек формативті ғана емес, сонымен
қатар жиынтық бағалау практикаларында да бағалаудың сенімділігін арттыру және бағалау инфляциясының алдын алу құралы ретінде өзектендіріледі. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы оның
материалдары (сауалнама нәтижелері, бағалау моделі және оған түсініктемелер) математиканы мектепте оқыту жүйесінде білім беруді бағалаудың теориясы мен практикасын жетілдіруге тікелей бағыт
талғандығында.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шмигирилова, И. ., Рванова, А. ., & Таджигитов, А. . (2023). Математиканы оқытуда оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау моделі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 139(2), 75–90. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1519

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика