Цифрлық трансформация жағдайында студенттердің онлайн оқуды бағалауы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үлгісінде)


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ш.К. Жаркынбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ф. Гювен Назарбаев университетi

Кілт сөздер:

онлайн оқыту, цифрлық ресурстар, білім беру үдерісі, студенттердің қанағаттанушылығы

Аңдатпа

Мақалада студенттердің қашықтан оқытуға бейімделу мәселесі қарастырылады. Осы мақ
сатта біз 2021 жылдың қыркүйек айының аяғы мен қазан айының ортасында жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің арасында эксперименттік зерттеу жүргіздік. Зерттеу нәтижелері студенттердің онлайн оқытуға көшуге деген көзқарасын анықтауға, олардың білім беру форматында өзіне қажетін анықтауға, онлайн оқытудың күшті және әлсіз жақтарын талдауға, және оны қолдануда жаңа тәсілдерді дамытудың қажетттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мұндай зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті, себебі олар болашақта студент үшін сапалы жаңа оқу ортасын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл университеттің білім беру саясатын үйлестіруге, оның сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесін жетілдіруге сай қорытынды жасауға және тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жаркынбекова, Ш. ., & Гювен, Ф. . (2023). Цифрлық трансформация жағдайында студенттердің онлайн оқуды бағалауы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үлгісінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 139(2), 254–265. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1538

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика