Заттық-дамытушы ортаның бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудегі орны


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г.Т. Абдуллина Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Д.Х. Бабажанова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

заттық-дамытушы орта; бастауыш сынып; білім беру; әлеуметтендіру

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтендіру кезіндегі заттық-дамытушы ортаның рөлі мен маңыздылығы айқындалды. Заттық-дамытушы ортаның жасалуы мен негізгі талаптары айтылды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін заттық-дамытушы ортаның қандай талаптарға
сәйкес болатыны зерттеліп, оның үлгілері ұсынылды, мектеп бағдарламасына сәйкес
ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Бастауыш сынып оқушыларының сәтті әлеуметтенуі үшін қойылатын талаптарға талқылау жұмыстары жүргізілді.
Сыныпта орналасқан ойын жабдықтары мен көрнекіліктердің сапасы мен мазмұны
талапқа сай орындалуы талқыланды. Оқушылардың өзін еркін дамытуына мүмкіндік
беретін ортаны ұйымдастыру жолдары айқындалды. Заттық-дамытушы ортаның
бастауыш сынып оқушылары әлеуметтендірудегі маңызын анықтауға байланысты
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың жан-жақты дамуына, баланың өзіне сенуіне және үлкендер мен құрдастарының өзара әрекеттесуі, дұрыс қарым-қатынас жасауға әсері мол екендігі
көрсетілді. Сонымен қатар, ортаны ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының жеке даму
қабілеттеріне, қызығушылығы, жас ерекшелігі, белсенді әрекеттеріне көңіл бөлу керектігі қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдуллина, Г., & Бабажанова, Д. . (2023). Заттық-дамытушы ортаның бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудегі орны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 15–24. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1554

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика