Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыру
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
ерекше білім беріуге қажеттілігі бар балалар (ЕББҚ бар), инклюзивті білім беру, инклюзивті құзыреттілік, педагогтің инклюзивті дайындығы, кәсіби дайындық, кәсіби қызмет, болашақ педагог, диагностика, бағалау әдістеріАңдатпа
Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарының болашақ педагогтарының инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыру процесі қарастырылады. Зерттеу барысында арнайы және инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар зерделенді. Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлау мәселесін шешуге, «инклюзивті дайындық», «инклюзивті мәдениет», «инклюзивті теория», «инклюзивті тәжірибе» ұғымдарын ашуға арналған ғылыми дереккөздер талданды.
Зерттеуде студенттердің инклюзивті дайындығын анықтау үшін басында шекті, базалық және жоғары деңгейлер анықталды, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің кәсіби сапасының критерийлері мен көрсеткіштері жасалды, бұл зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік берді. Болашақ педагог жоғары оқу орнында алған білімінен, біліктілігінен және дағдыларынан басқа инклюзивтік практика жағдайында ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеу үшін қажетті арнайы кәсіби құзыреттерге ие болуы керек. Зерттеу әдіснамасы зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін қамтиды. Педагогикалық
жоғары оқу орындары студенттерінің инклюзивті дайындығын қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.






