Онлайн оқыту жағдайында студенттердің өзін-өзі реттеуі және метатанымын бағалау
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
жоғары білім беру, метакогнитивті дағдылар, оқудағы өзін-өзі реттеу дағдылары, онлайн оқыту ортасы, қашықтықтан оқытуАңдатпа
Мақала онлайн оқыту жағдайында студенттердің екі сипаттамасын - өзін-өзі реттеуі мен метатанымын бағалауына арналған. Метакогнитивті дағдыларды дамыту білім алушылардың оқудағы өзін-өзі реттеу дағдыларымен байланысты, сондықтан бұл бағыт педагогикалық психология шеңберінде
зерттеліп жатқан өзекті ғылыми бағыттардың бірі. Қашықтықтан оқыту формаларының өзектілігінің артуы осы индикаторларды пандемия кезінде онлайн оқыту барысында зерттеуге мүмкіндік береді. Осы мақаланың негізгі мақсаттары - пандемия кезіндегі онлайн оқу барысында метакогнитивті деңгейдің өзін-өзі реттеу дағдыларымен байланысын анықтау, психологиялық педагогикалық әдебиеттерде терминдер арасындағы өзара байланысты анықтау. Мақала жазу барысындағы зерттеу дизайны сандық әдістер және интернет арқылы жүзеге асырылды. Зерттеудің эксперименталды бөлімін өткізу мақсатында Қазақ Ұлттық университетінің 48 cтудентінен Google forms арқылы метакогнитивті дағдыларды ұғыну және онлайн оқудағы өзін-өзі реттеу қасиеттерін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді, сол инструменттер арқылы студенттердің метакогнитивті және оқудағы өзін реттеу дағдылары анықталды. Эксперимент нәтижесінде, метакогнитивті деңгей мен оқудағы өзін-өзі реттеу деңгейлерінің өзара корреляциясы анықталды. Метатанымның және оқудағы өзін-өзі реттеу сұрақтарына студенттер ұқсас жауаптар берді. Алынған нәтижелер бойынша, метатанымдық қасиеттердің даму деңгейі студенттердің
оқуда өзіндік оқу стратегияларын жүзеге асыруын, дербес болуына ықпал етеді. Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, студенттер арасында оқуда белгілі бір стратегияны пайдаланатындығын белгілейтін, ме
татанымдық қасиеттерін анықтайтын жауаптардың проценттері тұрақты түрде жоғары болғандықтан, онлайн оқу ортасы метакогнитивті қасиеттердің және оқудағы өзін-өзі реттеу дағдыларының дамуын ынталандыратындығын мәлімдей аламыз.






