Жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының өзара іс-әрекеттерінің мәселелері туралы


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • Б.К. Шаушекова Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Э.С. Ибраева Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Кілт сөздер:

қосымша білім беру, жалпы білім беру, өзара іс-әрекет, білім беру ұйымдары, жаңа трендтер, қосымша білім беру мекемелері, робототехника, STEAM, сыныптас тыс оқу, қазіргі замаңғы білім беру, білім беру жүйесін дамыту, білім беру жүйесі жақсарту және жаңарту

Аңдатпа

Мақалада қосымша білім беру ұғымы және оның жан-жақты білім беру ұйымдарымен өзара әрекеті туралы айтылады. Авторлар мектеп оқушыларының оқу процесінде қосымша білім берудің рөлі, функциялары және қажеттілігі туралы терең түсініктер береді. Мақала авторлары қосымша
білім беру мүмкіндіктеріне қызығушылық танытпайтын студенттердің санын көбейту мәселесін көтереді. Авторлар өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықтың төмендеуі және мұғалімдердің де, ата-аналар
мен оқушылардың да мектептен тыс дамуға деген ынтасын жоғалту туралы жазып өтеді. Мұндай әлеуметтік жағдайдың туындауына әкеліп соқтырған көптеген себептер бар: бұл ата-аналардың қаржылық жағдайы, ата-аналардың назарының жеткіліксіздігі және балаларға деген қызығушылықтың төмендігі, сонымен қатар білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының өзара байланысының болмауы. Сонымен қатар, қазіргі білім берудің жаңа тенденцияларында қосымша білім берудің тиімділігіне терең талдау жасалды. Авторлар елдегі білім беру жүйесінде білім берудің осы екі түрінің өзара байланысының жоқтығына баса назар аударды. Мақаланың соңында авторлар принципиалды жаңа бағыттарды құру үшін стандартты сыныптарға жаңа компьютерлік техникалар мен әдістерді енгізу сияқты әдістемелік әдістерді ұсынады, мысалы, робототехника сабақтары немесе STEAM әдісі бойынша сабақтарды
ұйымдастыру.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шаушекова B. ., & Ибраева E. . (2023). Жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының өзара іс-әрекеттерінің мәселелері туралы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 219–226. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1734

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика