Аралас оқыту: заманауи үрдістері, тәжірибесі және технологиялық мүмкіндіктері


Қаралымдар: 336 / PDF жүктеулері: 1279

Авторлар

  • С.М. Бахишева Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • К.М. Сагинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.С. Кажиакпарова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • З.Ғ. Мұхтар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Кілт сөздер:

аралас оқыту, педагогикалық жүйе, педагогикалық дизайн, цифрлық технологиялардың интеграциясы, LAMS, LMS, CMS басқару жүйелері, басқару жүйелерін интеграциялау, SAMR моделі

Аңдатпа

Мақалада әлемдік және отандық зерттеулерді талдау отырып, цифрлық
білім беру технологияларының мол әлеуетін аралас оқытуда пайдаланылу жағдайы қарастырылады. Білім беруді трансформациялау үдерісіне сәйкес жоғары оқу орындарында аралас оқытудың әдіснамалық тұжырымдамасын анықтау, цифрлық ортада оқытуды басқару жүйелерін талдау арқылы аралас оқытудың технологиялық басқару жүйелерін интеграциялау моделі негізделді.
Ұсынылған жұмыста аралас оқытудың даму барысын, қазіргі жай-күйін, проблемалары мен өміршеңдігін анықтау мақсатында теориялық және тәжірибелік зерттеулер талданған. Білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың алғышарттары мен мүмкіндіктері, дайындық деңгейлері сипатталған. Аралас оқытудың әдіснамалық негіздемесі ретінде жүйелілік, тұтастық, нәтижеге бағдарлы, конструктивтік, жобалық, когнитивтік, құзыреттілік, мультимодальдық, пәнаралық тұғырлар алынып, олардың зерттеудегі орны белгіленген. Жүйелеу және жобалау әдістері арқылы технологиялық оқыту ортасы, басқару жүйелерінің моделі, компоненттері, құрылымы жүйеленген. Салыстыру мен жинақтау әдістері негізінде зерделенген нормативтер мен ғылыми әдебиеттер туралы тұжырымдар жасалған, алынған деректер өңделіп берілген.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы әлемдік ғылым мен тәжірибе негізінде аралас оқытудағы білім беру ресурстарын интеграциялаудың теориялық және әдіснамалық тұжырымдарын анықталуынан және аралас оқытудың технологиялық басқару жүйелерін интеграциялау моделі құрылуынан көрінеді. Практикалық маңыздылығы аралас оқытуды басқаруда LAMS, LMS, CMS жүйелерінің интеграциясы ұсынылуынан, оның студенттер мен оқытушылар және әкімшіліктің білім беру үрдерісінің ұйымдастыру, бақылау, өзгерістер енгізу қызметтерінің тұтастығын қамтамасыз ету мүмкіндігінен көрінеді. Сонымен қатар, мақалада білім беру үдерісіне қатысушылардың аралас оқыту технологияларын пайдалануға дайындық деңгейінің өлшемдері анықталып, қорытынды көрсеткіштері талданған.
Зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері аралас оқытудың педагогикалық дизайнын құрудың ғылыми негіздері мен әдістерін анықтап, құрылымы мен мазмұнын модельдеуге негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бахишева, С., Сагинов, К., Кажиакпарова, Ж., & Мұхтар, З. (2023). Аралас оқыту: заманауи үрдістері, тәжірибесі және технологиялық мүмкіндіктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 57–69. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/177

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика