Оқу-әдістемелік құрал білім берудегі сапа көрсеткіші ретінде
Қаралымдар: 139 / PDF жүктеулері: 388
Кілт сөздер:
оқу-әдістемелік кешен, білім беру сапасы, шет тілі, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, оқу үдерісіАңдатпа
Бұл мақала орта білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың алған білім сапасына әсер ететін факторларды зерттеуге арналған. Мақалада «сапа» ұғымын түсіндіруге, сондай-ақ оны білім беру саласына жобалауға назар аударылады. Зерттеу үшін мектеп пәнінің оқу-әдістемелік жабдықталу аспектісі алынды. Эмпирикалық зерттеу барысында Астана қаласындағы екі мектеп-гимназия базасында тікелей бақылау жүргізілді және салыстырмалы талдау үшін сол базаларға барған кезде алынған нақты деректер келтіріледі. Орта буындағы (7-сынып) «ағылшын тілі» пәнін игеру сапасына оқу-әдістемелік жабдықталу деңгейінің әсер ету дәрежесін анықтау үшін гипотеза тұжырымдалды және оны верификаттау үшін білімнің абсолютті сапасы оқытудың жеткілікті оқу-әдістемелік жабдықталуына тікелей тәуелділігін дәлелдеген жедел тест сәтті өткізілді.