Саяси мәтіндерді аудару мәселелері
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
саяси мәтіндер, манипуляция құралдары, бейнелі тіл техникасы, саяси аудармаАңдатпа
Зерттеудің өзектілігі: Саяси мәтіндер, негізінен, аудармада қолжетімді. Осылайша, оқырманға ашық аударманы ұсыну өте маңызды. Саяси мәтіндерді аудару сапасын арттыру үшін мәтіннің негізгі лингвистикалық элементтерін түсіну және байқай білу маңызды, өйткені саяси мәтіндер мен саяси аудармалар манипуляциялық болып табылады. Бейнелі тіл лингвистикалық элементтерге бейнелі мағына беру үшін қолданылады, сондықтан мәтіннің анағұрлым жарқын бейнесін жасайды.
Мақсаты: манипулятивті техниканы саяси баяндамаларда оқып үйрену.
Зерттеу әдістемесі: Аналитикалық әдіс саяси аударма туралы әдебиеттерді талдауда және саяси сөйлеудің транскрипциялық аудармасында қолданылады. Бастапқы және мақсатты мәтіндерге салыстырмалы талдау жасалды. Түпнұсқа мәтін мен аударылған мәтін арасындағы стильдік айырмашылықтарды немесе ұқсастықтарды көрсету үшін екі саяси баяндамалар мен олардың аудармасы талданады. Талдау нәтижелерін растау немесе жоққа шығару үшін тәжірибелі және жаңа бастаған аудармашыларға арналған сауалнама қолданылады.
Негізгі нәтижелер: Саяси мәтіндер ғана емес, олардың аудармалары да әрқашан манипуляциялық сипатта болады. Саяси баяндамаларды аудару кезінде, көбінесе, бейнелі лингвистикалық құралдар қолданылады, негізінен, метафора мен эпитеттер. Сауалнама нәтижелері бейнелі тілдік құралдар күнделікті саяси мәтіндердің аудармасында қолданылатынын және олар саяси баяндамаларды талдау кезінде алынған нәтижелерді күшейтетіндігін көрсетті.






