Педагогикалық құндылықтар дидактикалық мәдениеттің аксиологиялық компонентінің негізі ретінде


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Ғ.Г. Қантаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

дидактикалық мәдениет, педагогикалық құндылықтар, аксиологиялық компоненттер, кәсіби құзыреттілік, интегративті сапа, бағалау категориясы

Аңдатпа

Мақала дидактикалық мәдениеттің негізін құрайтын педагогикалық құндылықтарды зерттеуге арналған. Оның мақсаты дидактикалық мәдениеттің мәнін зерттеу, оның құрамдастарын анықтау, аксиологиялық компонентті, оның құндылықтық негізін зерттеу, құндылықтарды сипаттау және олардың жіктелуі болып табылады. Жұмыс дидактикалық мәдениетті зерттеуге, оның педагогикалық әдебиетте анықталуын нақтылауға, оның құрылымын сипаттауға, педагогикалық құндылықтар туралы түсінік беретін аксиологиялық компонентін сипаттауға арналған. Мақалада педагогикалық құндылықтарды зерттеуге, олардың түрлерін анықтауға және сипаттауға назар аударылады. Зерттеу барысында қосылған бақылау әдісі, жүйелік әдіс, сипаттау әдісі, талдау әдісі қолданылды. Мақаланың жаңалығы жұмыста дидактикалық мәдениет бойынша зерттеулерді сыни тұрғыда қарастырған. Педагогикалық құндылықтардың мәніне назар аударылып, олардың алғаш рет сипаттамасы беріледі. Педагогикалық құндылықтардың толық жіктелуі көрсетілген. Зерттеу барысында ғылыми нәтижелер алынды: мәдениеттану тәсілінің педагогикалық құндылықтармен өзара байланысы анықталды; педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін олардың дидактикалық мәні мен маңыздылығы көрсетілді; педагогикалық құндылықтардың түрлері анықталды және нақтыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қантаева, Г. . (2024). Педагогикалық құндылықтар дидактикалық мәдениеттің аксиологиялық компонентінің негізі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 132(3), 83–90. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1815

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика