Когнитивті оқыту теориясын қолдану негізінде болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру


Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 1096

Авторлар

  • С.Д. Исабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ә.A. Саипов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Е.А. Тоқпанов І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

когнитивті оқыту, коллаборативті оқыту, құзыреттілік, тұрғы, өлшем, пәндік құзыреттілік, пәнаралық құзыреттілік

Аңдатпа

Мақалада географияны оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұ-
нын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындайтын когнитивті оқыту теориясының негізгі ережелері, білім алушылардың арнайы пәндік және пәнаралық құзіреттіліктерін қалыптастырудағы маңызы ашылған.

Когнитивті оқытудың болашақ география пәні мұғалімінің ойлау дағдыларын қалыптастырудағы алатын орны, теориялық түсініктерді меңгертудегі маңызы, географиялық, әдіснамалық, құндылықтық-мағыналық құрамдас бөліктері қарастырылған.

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін географияны оқытуда когнитивті бағдарды қолдану мәселелері бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исабаева, С., Саипов, Ә., & Тоқпанов, Е. (2023). Когнитивті оқыту теориясын қолдану негізінде болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 107–118. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/182

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика