Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Қаралымдар: 461 / PDF жүктеулері: 7221
Кілт сөздер:
білім, білік, дағды, іскерлік, әдіс, дәстүрлі, жаңартылғанАңдатпа
Бұл мақалада дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ұқсастықтары мен ерекшеліктері зерттеліп, екі оқу бағдарламасының айырмашылықтары салыстырмалы түрде берілді. Кіріспе бөлімде білім мазмұнын жаңартудың маңыздылығына шолу жасалып, зерттеу әдістері нақты ақпаратқа негізделді. Мұнда бірінші қазақ халқының кең-байтақ жерінде білім ісінің пайда болып, дамуына көз жүгіртіліп өтті. Дәстүрлі оқыту бағдарламасы бойынша сабақтағы ең басты рөл ұстаз, яғни мұғалімде болатындығы айтылып, осылай оқыту әдісі білім алушылардың белгілі бір көлемдегі біліммен қамтамасыз етілетіндігін және олар игерген білімін кең ауқымда қолдануға қабілетсіз болатындығына да тоқталды. Мақалада зерттеу әдістеріне тоқтала келе, оқыту әдістерінің дидақтикалық мақсаттары мен міндеттері көр сетіліп, кесте берілді. Талқылауда интербелсенді әдістер және осы әдістерді сабақта қолдану барысында жететін жетістіктерге тоқталып, сабақ өту барысында қолданылатын тиімді әдістер жазылды. Интербелсенді әдістердің ішіндегі проблемалық оқыту әдісінің негізгі айырмашылығы берілді [1]. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы интерактивті әдісті пайдаланып отырған жаңартылған білім беру бағдарламасының тағы бір артықшылығына да тоқталды. Нәтижелерге келетін болсақ, қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары да аталып өтіліп, дәстүрлі және жаңартылған білім беру жүйесін зерттеу нысаны ретінде ала отырып, екі оқу бағдарламасының негізгі айырмашылықтары кесте жүзінде көрсетілді. Яғни осы оқыту жүйелерінің негізгі ерекшеліктерін көрсететін салыстырмалы критерийлер берілді. Қорытынды бөлімде, жалпы мектептің баланы оқытудағы негізгі басты міндетіне тоқталды және жаңартылған оқу бағдарламасының басты бағыттары айтылып, ерекшеліктері де жазылды.