Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізетін эдвайзерлерді дайындау бағдарламасы


Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 79

Авторлар

  • В. Одар Сулейман Демирель университеті
  • М. Таш Сулейман Демирель университеті
  • Р. Масырова Еуразия технологиялық университеті
  • Е. Сармурзин М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

университет, тәрбие жұмысы, дайындық, мұғалімнің тәрбие жұмысына дайындығы

Аңдатпа

Зерттелетін мәселенің өзектілігі ЖОО-ның білім беру қызметі жағдайында қазіргі студенттермен өзара қарым-қатынсты жүзеге асыруда жаңа формаларды, әдістерді және технологияларды іздеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Мақаланың мақсаты – университеттегі білім беру жағдайында студенттермен тәрбие жұмысына дайындық мәселесіне оқытушылардың назарын аудару. Мақалада университеттегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыруға, эдвайзерлердің тәрбиеші ретінде рөлін дамытуға, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін «Эдвайзер» бағдарламасын әзірлеу және тестілеу туралы өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық өсу қажеттілігін қалыптастыру және дамытуға қатысты ұсыныстар айтылады. ЖОО-да оқытушының тәрбие жұмысына дайындығы мәселесін зерттеудің жетекші әдістеріне психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, психодиагностиканың эмпирикалық әдістерін зерттеу, университет оқытушыларын студенттермен тәрбие жұмысына баулу бағдарламасын әзірлеу және енгізу, педагогикалық эксперимент, рефлексиялық әдіс қолданылған. Мақаланың маңыздылығы «Эдвайзер» студенттермен тәрбие жұмысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасының апробациясының нәтижелерін талдаудан тұрады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Одар V., Таш M., Масырова R., & Сармурзин Y. (2023). Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізетін эдвайзерлерді дайындау бағдарламасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 163–172. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/188

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика