Болашақ педагогтың кәсіби мансабын өзіндік жобалауы


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • С.В. Власенко А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
  • Г.И. Чемоданова М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • А.М. Малибаева М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

болашақ педагог, өзін-өзі жетілдіру, мансап, кәсіби мансап, өзіндік жобалау

Аңдатпа

Мақала ЖОО-дағы білім беру ортасында болашақ мамандардың кәсіби мансабын құру мәселелеріне арналған. Кәсіби мансапты өзіндік жобалау дағдыларын қалыптастырудың зерттеліп отырған мәселесі өзекті болып табылады және жоғары оқу орнының қазіргі заманғы түлегіне еңбек нарығының талаптарына жауап береді. «Мансап» және «кәсіби мансап» ұғымдары қарастырылады. Зерттеуге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау
университетінің студенттері қатысты, жалпы саны 148 адам. Студенттердің кәсіби мансапты өзіндік жобалауға дайындығы зерттелді. Білім алушылардың өзіндік жобалау дағдысын қалыптастыру қажеттілігіне және мансаптық өсу қажеттілігіне қатынасы анықталды. Алынған нәтижелер негізінде болашақ педагогтырдың кәсіби мансабын
өзіндік жобалау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу қажеттілігі дәлелденді. Мазмұны кәсіби мансапты өзіндік жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар элективті пәндер ұсынылған. Кәсіби мансапты өзіндік жобалау дағдысының жоғары деңгейін қалыптастыру білім беру процесінде оқытудың ресми білім беру түрлерімен қатар, оқытудың бейресми білім беру түрлерін жүзеге асыру кезінде мүмкін болады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Власенко, С. ., Чемоданова, Г. ., & Малибаева, А. . (2021). Болашақ педагогтың кәсіби мансабын өзіндік жобалауы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 70–83. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1630

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика