Әлеуметтік педагогика студенттері арасында позитивті қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығы


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • А.К. Махадиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • A.Б. Абибулаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

өз-өзіне қарым-қатынас, позитивті өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау, құзыреттілік сезімі, өзіндік сана, тұлғалық, тұлғалық өсу

Аңдатпа

Технологияның қарқынды дамуы ғасырында және жас ұрпақты тәрбиелеуде көптеген жаңа міндеттердің пайда болуына байланысты әлеуметтік педагогтарға проблемаларды сәтті шешуге көмектесетін арнайы дайындық қажет. Әлеуметтік педагог мамандығы қоғамға белсенді қатысу мен жоғары ықпал етуді қамтитынын ескере отырып, қызметтің сәттілігі тек мамандыққа деген оң көзқарасымен ғана емес, сонымен қатар педагогтың өзіне деген көзқарасымен және қатынасымен де байланысты. Сондықтан кәсіби дайындық процесінде әлеуметтік педагогтың өзіне позитивті қарым-қатынасын дамыту қажет. Мақалада өзін-өзі бағалау тұжырымдамасының дамуына, оның құрылымы мен функцияларына қысқаша теориялық шолу жасалады. Өз-өзіне қарым-қатынас «Мен» ұғымымен байланысты болғандықтан, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қабылдау туралы теориялық ақпарат берілген. 1-2 курс студенттерінің болашақ мамандығына деген өзіндік көзқарасын анықтау үшін эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Осы мақсатта студенттердің өзін-өзі қарым-қатынасын анықтауда В.И. Юрченко беймдеуіндегі Манфред Кун мен Томас Макпартлендтың жиырма растау тесті (TST) қолданылды. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Махадиева, А., & Абибулаева A. (2023). Әлеуметтік педагогика студенттері арасында позитивті қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 187–195. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/190

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика