Ағылшын тілін оқытуға медиасауаттылықты қосу арқылы студенттердің сыни және креативті коммуникациясын жетілдіру


Қаралымдар: 163 / PDF жүктеулері: 134

Авторлар

  • А.С. Мустафина Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • П.К. Елубаева Daryn lingua біліктілікті арттыру және аударма орталығы
  • Ж.А. Тутбаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

коммуникативті дағдылар, сыни ойлау, тілді оқыту, креативті коммуникация, коммуникация және медиасауаттылық моделі

Аңдатпа

Мақалада медиасауаттылықты оқытуды білім беру саласына, атап айтқанда ағылшын тілін оқыту үрдісіне қосуды зерттеу нәтижелері келтірілген. Авторлар тілдік сабақтардағы медиасауаттылық тәжірибесін жалған жаңалықтар мен жалған ақпараттарды анықтап қарсы тұру үшін студенттердің сыни коммуникациясын сынайтын оқыту әдісі ретінде қарастырады. Тіл үйренушілер, әдетте, жаңа лексиканы, синтаксис пен фонологияны ғана емес, сонымен бірге түпнұсқа материалдарды қолдана отырып, оқытылатын тілдің әлеуметтік-мәдени аспектілерін де үйренуге тура келеді. Аталмыш зерттеудің мақсаты – әр түрлі формадағы хабарламаларға қол жеткізу, талдау, бағалау және құру қабілеті студенттердің тілді оқыту мен үйрену шеңберіндегі тілдік хабардарлығын қалай жақсартуға болатындығын зерттеу. Біздің білім беру тәсіліміз коммуникация және медиасауаттылық моделіне негізделген. Зерттеу нәтижелері медиа және тілдік сауаттылықтарын қамти оқыту стратегиялары қазақ студенттерінің ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлау мен креативті коммуникацияны дамытуға ықпал ететінін көрсетіп отыр. Зерттеу нәтижесінде коммуникация және медиасауаттылық моделі студенттердің сыни оқу мен тыңдау, сондай-ақ ауызша және жазбаша сыни және креативті сөйлеу дамуына айтарлықтай әсер етті.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мустафина A., Елубаева P., & Тутбаева Z. (2023). Ағылшын тілін оқытуға медиасауаттылықты қосу арқылы студенттердің сыни және креативті коммуникациясын жетілдіру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 216–227. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/193

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика