Еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру стратегиялары (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сауалнама материалдары бойынша)
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 0
Аңдатпа
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер
қоғамның әлеуметтік құрылымында, білім беру институтында айтарлықтай өзгерістерге әкеледі. Мұның бәрі болашақта әлеуметтік процестердің дамуын болжау және
оларды қоғам мен аймақтық қоғам деңгейінде реттеудің тиімді құралдарын анықтау
үшін байыпты зерттеуді қажет етеді. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, негізінен, міндетті жұмысқа орналасудан бас тартқаннан кейін жаңа әлеуметтік процестің ерекшеліктеріне ие болады. Танылған әлеуметтік факт жаңа мәртебелердің
пайда болуына алып келді (мысалы, аралас), онда ЖОО түлектері, жұмыссыздар немесе
алған мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер жиі кездеседі. Көптеген әлеуметтанушылардың бұл мәселеге деген қызығушылығы әлеуметтік институттардың, оның
ішінде жоғары білімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын білім беру институтының жұмысындағы өзгерістермен байланысты. Зерттеу мақсаты: өңірлік ерекшелік
контексінде қазақстандық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру стратегиясын
анықтау. Бұл бойынша аталған зерттеу біліктілік бағдарламалары, оқыту әдістемелері, түлектердің құзыреттіліктері мен жұмыс берушілердің сол құзыреттер мен
біліктіліктерге қоятын талаптары арасындағы қарама-қайшылықтар; зерделенетін
теория мен практиканың сәйкессіздігі; ЖОО түлектерін жұмысқа орналастырудың
негізгі стратегияларын айқындау және негіздеу сияқты ұғымдардың маңыздылығына
негізделген. Мақсатқа жету үшін зерттеушілер сауалнама зерттеу деректерін жинаудың негізгі құралы ретінде сипаттамалық деректерді талдауды және сандық тәсілді
қолданды. Зерттеу 130 ұйым басшыларынан тұратын іріктемеге қолданылды. Салыстырмалы талдау негізінде жоғарыда айтылған проблемалар мен қазақстандық жоғары
оқу орындарының түлектерін кәсіби даярлаудағы кемшіліктер анықталды және талданды. Зерттеу барысында авторлар түлектер арасында жұмыспен қамту стратегиялырының ішінде еңбек нарығының ерекшелігіне сәйкес нарықтық, патерналистік және
дәстүрлі стратегияларды анықтады. Теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде алынған ғылыми нәтижелерді жұмыспен қамту және жұмыссыздық проблемаларын,
түлектерді жұмысқа орналастыру стратегиясын зерттейтін ғалымдар, жастарды
жұмысқа орналастырумен айналысатын ұйымдар, жоғары оқу орындарындағы мансап
орталықтары, мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі жұмыспен қамту орталықтары
пайдалана алады.