STEM білім беруге болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың мазмұны
Қаралымдар: 181 / PDF жүктеулері: 386
Кілт сөздер:
болашақ информатика мұғалімдері, STEM білім беру, мұғалімдерін даярлау мазмұны, білім беру мазмұны, Scratch бағдарламасы.Аңдатпа
Бүгінде білім беру жүйесіне ең озық идеялар мен педагогикалық
технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, оқушылардың
білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделіп отыр. Осы орайда, заман
талабына сай болашақ информатика мұғалімдерін STEM білім беруге даярлау
мазмұны жаңарту маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мақалада, зерттеу
тақырыбына сай, болашақ информатика мұғаімдерін STEM білім беруге даярлаудың
маңыздылығы мен тарихын анықтау, ЖОО-да болашақ информатика мұғалімдерін
даярлау бойынша білім беру бағдарламаларына талдау жасау, STEM білім беруге
болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың мазмұнын құру міндет етілді.
Зерттеу мақсаты, болашақ информатика мұғалімдерін STEM білім беруге
даярлаудың мазмұндық ерекшеліктерін анықтау, жоғары оқу орындарында «Білім
берудегі STEM технологиялар» оқу бағдарламсын оқу үдерісіне енгізу және оны
тәжірибелік сынақтан өткізу болып табылады. Осыған орай, STEM білім беруге
болашақ информатика мұғалімдерін даярлау негізінде олардың кәсіби дағдысы, сыни
және креативті ойлау қабілеті дамиды.
STEM білім беруге болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үшін, жоғары оқу
орындары мен жалпы білім беретін мектертер мен қосымша білім беру мекемелеріндегі
STEM технологиясына оқыту барысы мен тәжірибесін зерттеу және нақтылау үшін
теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды. Болашақ инфорамтика
мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық қызметке даярлығы ретінде: жеке тұлғалық,
когнитивті праксикологиялық, теориялық және практикалық даярлықтың
қажеттілігін көрсетеді.
Болашақ информатика мұғалімдерін STEM білім беруге практикалық даярлығы,
білімді меңгеруімен қатар, оны практикада қолданумен, болашақ мұғалімдерді
практикалық даярлаудың негізін құрайтын педагогикалық қызметті жүзеге асыру
дағдылары мен іскеріктерін дамытып, құзыреттіліктерін қалыптастырумен
тығыз байланысты.
Әдебиеттерге шолу негізінде болашақ информатика мұғаімдерін STEM білім беруге
даярлаудың мазмұндық ерекшеліктері: ғылыми, технологиялық, инженерлік және
математикалық білім берудің интеграцияланған мазмұны анықталды.
STEM – білім беру ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттіліктерін дамыту бағыттарының
бірі болып табылады. Болашақта алуан түрлі және ауқымды пәнаралық міндеттерді,
сонымен қатар, жаһандық және өңірлік проблемаларды шешу жөніндегі жобаларды іске
асыру үшін объектілер мен материалдарды әзірлеп, құрастыра алатын мамандар қажет.
Бүгінгі ақпарат ағынының қарқынды даму үдерісінде, жаңа компьютерлік
бағдарламамалар мен технологиялардың пайда болуын ескере отырып, мектеп
қабырғасынан бастап жастарды болашақта білікті инженер мен технологтар,
ІТ мамандығын игеруге қызығушылығын арттыратын, болашақ информатика
мұғалімдерін STEM білім беруге даярлау мазмұнын өзгерту қоғам сұранысы болып
табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.