Бейіндік деңгейдегі білім алушылардың терминологиялық сөздік қорын қалыптастыру кезінде лингводидактикалық тәсілдерді іске асыру қағидалары


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 94

Авторлар

Кілт сөздер:

лингводидактика, терминология, тәсіл, принцип, сөздік, бейіндік, әдістеме

Аңдатпа

Қазақстанның орта білім беретін мектептерінде үш тілде оқытуға кезең-кезеңімен көшу шетел тіліне кәсіби-бағдарлы оқытуды енгізу, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын пән мазмұнын тілді оқытумен интеграциялау арқылы жаңарту қажеттілігіне алып келді. Жалпы білім беретін пәндерді оқудың тиімділігі берілген пән үшін нысаналы терминологияны меңгеру ерекшелігіне байланысты. Мақалада тілдік емес пәндердің мұғалімдеріне терминологияны оқыту бойынша практикалық идеяларды ұсына отырып, бейін алды деңгейдегі оқушылардың мамандандырылған сөздік қорын қалыптастыру кезінде лингводидактикалық тәсілдерді іске асыру қағидаларына  мән беріледі.  Сол сияқты мақалада студенттер үшін мамандандырылған сөздік қорды оқыту саласындағы қысқаша теориялық шолу және практикалық зерттеу бақылаулары берілген. Зерттеудің мақсаты - ағылшын тілінде оқытылатын жалпы білім беретін пәндердің шеңберінде (физика, биология, химия, АТ/информатика) бейін алды деңгейдегі білім алушылардың пәнге бағдарланған терминологиялық лексиканы меңгеру мәнмәтінінде лингводидактикалық тәсілдерді енгізудің тиімді тәжірибесін анықтау. Зерттеуде қадағалау, мониторингілеу және салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдістері, сондай-ақ Қазақстандағы орта білім беру мен оның бейін алды деңгейіне қойылатын талаптарға және арнайы мақсатқа арналған тілді оқыту әдіснамасына шолу жасалды. Мақалада оқыту (ағылшын) тілінде терминологиялық сөздікті меңгертуде лингводидактикалық тәсілдерді тиімді іске асыру ретінде бейін алды деңгейдегі оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есенгельдинова A., Анафинова M., & Султанбекова S. (2024). Бейіндік деңгейдегі білім алушылардың терминологиялық сөздік қорын қалыптастыру кезінде лингводидактикалық тәсілдерді іске асыру қағидалары . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 107–120. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/457

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика