Әлеуметтік жұмыстағы тиімді супервизия


Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 325

Авторлар

  • Г.Н. Шанбаева
  • С.К. Кудайбергенова

Кілт сөздер:

әлеуметтік жұмыс, супервизия, басқару, әлеуметтік қызмет, клиент, casework әдісі, ұйымдастырушылық міндет.

Аңдатпа

Бұл мақалада әлеуметтік жұмыс саласындағы тиімді супервизияға
шетелдік әдебиетке шолу жасалынды. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс саласын тиімді
ұйымдастыру және басқару үшін білікті супервайзерлердің рөлі маңызды. Әлем
бойынша супервизияның дамуы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде XX ғасырда орын
алған. Мақалада әлеуметтік жұмыстағы супервизияның қалыптасуы мен дамуы,
әртүрлі саладағы әлеуметтік жұмыстың супервизиясының маңызы мен әсері сияқты
негізгі мәселелер қарастырылды. Зерттеу барысында, қазіргі заманғы әлеуметтік
жұмыстың супервизиясы саласында бірқатар мәселелер анықталды. Оларға:
әлеуметтік жұмыстағы супервизия теориясына қазіргі жағдайларды ескере отырып
өзгертулер мен толықтырулар енгізу; әлеуметтік жұмыстың нақты бағытына
байланысты супервизияның мақсаты мен міндеттерін қайта қарастыру, анықтау;
супервизияның болашаққа бағытталған бағдарламасын қарастыру және әлеуметтік
қызметкерлердің құзіреттілігін анықтау жатады. Сонымен қатар, әлеуметтік
жұмыстағы супервизияны дамытуға үлес қосу туралы ұсыныстар көрсетілді. Бұл
жұмыста негізгі зерттеу нысаны – әлеуметтік жұмыстағы супервизия болып
табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

25.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шанбаева, Г., & Кудайбергенова, С. (2023). Әлеуметтік жұмыстағы тиімді супервизия. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 145(4), 374–385. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/481

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану