Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құндылықтары


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 69

Авторлар

Кілт сөздер:

әлеуметтік қызметкер, кәсіби құндылықтар, институционалдық құндылықтар, жауапкершілік, этика, есеп беру

Аңдатпа

Әлеуметтік қызметкер мамандығының кәсіби құндылықтарын зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мақалада әлеуметтік қызметкердің кәсіби құндылықтарының ерекшеліктері мен оның жеке құндылықтан айырмашылығы, кәсіби құндылықтар, жауапкершілік және есеп беру табиғаты, әлеуметтік қызметкердің құндылық бағдарларын салыстырмалы түрде талдау үшін XX-XXI ғасырдағы шетелдік әдебиеттерге сапалы талдау жасалды. Әлеуметтік қызметкерлердің әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту, қажетті этикалық, эстетикалық және эмоционалды құндылықтарды игеру және нығайту осы саладағы маңызды іс-шараларға жатады. Зерттеу барысында анықталған мәселелерге: әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің кәсіби стандарттарына сәйкес қалаулы мінез-құлық, жеке және кәсіби құндылықтарды қалыптастыруға ерекше мән берілетіні; әлеуметтік жұмыс маманының эмоционалды компонентін зерттеу және түсінуге байланысты зерттеулер қазіргі таңда жеткіліксіз болып отырғаны; әлеуметтік қызметкерлердің құндылықтарын зерттеу екі санатқа: әлеуметтік қызметкерлердің құндылықтарына және әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құндылықтарға әлеуметтенуіне байланысты зерттеулер болып бөлінетіні; әлеуметтік қызметкердің маңызды кәсіби құндылықтарына адамның негізгі құқықтарын құрметтеу, әлеуметтік жауапкершілік сезімі, бостандықты құрметтеу, қолдау, өзін-өзі анықтауға деген ұмтылысы жатады. Мақаланың мақсаты әлеуметтік жұмыс мамандарының қабылдаған рөлдері  мен құндылықтарын анықтау үшін ғылыми жұмыстарды зерттеу болып табылады. Зерттеу нысанына әлеуметтік қызметкердің кәсіби құндылықтар жиынтығы жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурланова, С. (2024). Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құндылықтары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 396–409. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/482

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану