Білім сапасын бақылау мониторингі тиімділігі
Қаралымдар: 320 / PDF жүктеулері: 2153
Кілт сөздер:
бақылау, бағалау, мониторинг, білім сапасы, тиімділік, зерттеу.Аңдатпа
Ұсынып отырған мақалада сабақты зерттей отырып, оқушының білім деңгейінің мониторингін құру арқылы білім сапасын көтеру болды. Оқушының күнделікті үй тапсырмасын орындауы және сыныптағы сабаққа қатысу іс-әрекеті арқылы бағалау бойынша білімін бағалау ол өткен күннің еншісінде. Осыған орай сапалы білім беріп, білім деңгейін әлемдік білім кеңістігі дәрежесіне жеткізу негізгі мақсатымыз болып отыр. Жаңартылған білім беру жүйесінде пән бойынша білім беру мазмұны да, оқытудың әдіс-тәсілдері де, оқушының білім бағалау да жаңаша көрініс тапты. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту белсенді оқыту, бірлескен жұмыс және саралап оқытуды негізге алып отыр. Осындай оқыту түрлерін ұйымдастыра отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруымыз қажет. Сапалы білім болған жерде оқушының пәнге деген белсенділігі арта түседі. Сапалы білім іргетасы бастауышта берік қаланған жағдайда ғана нәтижеге бағытталған білім беруге мүмкіндігі ерекше. Қазір әр оқушының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, уәж тудыру арқылы оқушы белсенділігін арттыру қажет. Біз зерттеу арқылы әр оқушының білім жетістігі мониторингін құру арқылы оқушы білім сапасын көтеру қажеттілігін байқадық. Бұл мониторингке қарап отырып оқушы да, ата-ана да қай жерде білім қажеттілігі туындап отырғанын бақылай алады. Экспериментіміз үш кезеңнен тұрды. Алдымен әр оқушының білім деңгейін анықтап алдық. Онда қай тақырыптар бойынша әр оқушыда қандай олқылықтар бар екендігін анықтап алдық. Осы жолы мониторингтің алғашқы сызбасы пайда болды. Сонан соң келесі қалыптастыру кезеңінде әр оқушы қажеттілігіне қарай жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде екінші мониторинг сызбасы шықты. Бұл сызбаларды салыстыра аотырып оқушының өзінде графикті жоғарылату қызығушылығы туды. Жалпы білім сапасын бақылау мониторингі оқушы білім сапасын көтеру үшін тиімділігіне көз жеткіздік. Білім сапасын бақылауда тұрақты, сапалы жүргізілген мониторинг тиімділігін әдістемелік жағынан зерттеу нәтижесін ұсынып отырмыз.